Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап карантин шаралары күшейтіледі. Аймақта сенбі-жексенбі күндері жабық базарлар, сауда үйлері мен спа-салондардың қызметі тоқтатылады. Кинотеатрлар, мәдениет үйлері мен мейрамхана, түнгі клуб, барлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Ашық базарлардың таңғы 9-дан кешкі 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат. Сұлулық салондары мен шаштараздар алдын ала жазылу тәртібі бойынша қызмет көрсетеді. 65 жастан асқан тұрғындарға көшеде жүруге шектеу қойылады.
Рауан Диәли
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да ертеңнен бастап карантин күшейтіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138555/)