Бүгін еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған Қара теңіз аймағынан келетін циклон әсер етеді. Тек оңтүстік-шығыс пен солтүстікте жауын-шашын болмайды. Қалған өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Жылдамдығы 15-20 метр секундына, ал, екпіні 23-28 метр секундқа дейін жетеді. Ақтөбе және Батыс Қазақстан аумағында көктайғақ әрі бұрқасын соғуы мүмкін. Сондай-ақ 3 өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138584/)