Агроөнеркәсіпті субсидиялау жүйесі жетілдіріледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржыға қолжетімділігі артады. Бұл мәселелер Үкімет Басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офистің отырысында айтылды. Біздің басты міндетіміз – бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жетілдіру және кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді жедел шешу деді Премьер-министр. Жалпы биыл кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен несиелендіруге 700 миллиард теңге бөлінген.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері жедел шешілуі тиіс&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138588/)