Ақмола облысында жолда қалған 257 адам құтқарылды. 32-сі бала. Олар уақытша орындарға жеткізілді. Облыста бұрқасын боран, көктайғақ болып бірнеше бағыттағы жолдар жабылған еді. Салдарынан жүргізушілер мен жолаушылар уақытша қойылған жедел бекеттерде тұруға мәжбүр болды. Арнайы колоналар жасақталып, мамандар 1 мыңға тарта жеңіл және 300-ге жуық жүк көлігін діттеген жеріне жеткізді.
Солтүсік қазақстанда боран күшейіп, 10 жол учаскесі жабылды. Бүгін де ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады. 3 тәулікте жолда қалған 71 техника эвакуацияланып, 200 адам құтқарылды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жолда қалған 257 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138631/)