Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді. Өңірде коронавирус инфрекциясын жұқтырғандар күрт көбейген. Бүгін анықталған 65 адамның 21-і ең ірі індет ошағы деп белгіленген Теңіз мұнай кенішінің жұмысшылары. Ал, 32-сі қала тұрғыны.
Бүгінде облыстық инфекциялық стационарда 27 науқас, модульдік стационарда 85, ал Теңіздегі стационарда 262 адам ем қабылдап жатыр.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысы «қызыл» аймаққа енді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138633/)