Күн күрт жылып, Орал көшелері суға толып кетті. Қарғын су көшелер мен алаңдарды, сондай ақ тұрғын үйлердің аулаларын басуда.Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады. Жылымық басталғалы шаћар аумағынан 10 мың 500 текше метр су сорылған. Бұл жұмысқа 300-ден аса жұмысшы мен ондаған техника жұмылдырылды. Коммуналдық мекеменің күші жетпегендіктен қосымша техника тартылуда.
Ринат Нұрғалиев, «Жайық таза қала» ЖШС директоры:Батыссуарнасы, Жайықжылуқуат қазір қосымша техника беріп жатыр. Жеке мекемелермен келісім жасап, олардың да техникасын алып жатырмыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда қала көшелерін су алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138671/)