Елде күнбағыс майының бағасы былтырдан бері шамамен 1,5 есе қымбаттаған. Еnergyprom-ның дерегінше, өсімдік майы литрі ақпанда 625 теңгеден сатылған. Былтырға қарағанда 44,5%-ке қымбат. Әсіресе Атырауда майдың құны шарықтады – литрі 723 теңге. Елорда мен Алматыда 648-651 теңгеден саудаланып жатыр. Әзірге күнбағыс майының бағасы тек Петропавлда арзанырақ – литрі 562 теңге. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сарапшыларының айтуынша, бұған өсімдік майына әлемдік бағаның көтерілуі, шикізат қорының азаюы себеп.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Күнбағыс майының бағасы 1,5 есе қымбаттаған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138678/)