Төртінші тоқсанда мектептерде бала санын 25-тен асырмай дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы мемлекеттік бас санитардың жаңа қаулысында айтылған. Ал «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде бұл талап 1 мен 5-сынып оқушыларына, халықаралық мектептерде 1 мен 7-сыныпқа қатысты. Жоғары сынып оқушыларына пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтықтан аралас форматта оқуға рұқсат етілмек.
Айта кетейік, төртінші тоқсанның сабақтары 1 сәуірде басталады.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектепке қатысты бас санитардың жаңа қаулысы шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138688/)