Былтырға қарағанда 30%-ке көбірек препарат өндірілгеніне қарамастан құны біраз өскен. Антисептиктердің бағасы әсіресе, йодтың 5% ерітіндісі 31 пайызға дейін, этил спирті 30 пайызға дейін қымбаттаған. Energyprom-ның есептеуінше, негізгі дәрі-дәрмектің бағасы 10-15%-ке дейін көтерілген. Жалпы қаңтар-ақпанда фармацевтикалық өнімдер өндірісі 25 млрд теңгеден асты. Жақында Мәжіліс депутаттары халықты қажетті препаратпен толық қамтамасыз ету үшін дәрінің шекті бағасын қайта қарауды ұсынған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Екі айда дәрі-дәрмектің бағасы 9,5%-ке қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138717/)