![Нұр-Сұлтанда сөндірілмеген темекіден тұрғын үй кешені өртенді](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/29/1616993205796.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешені өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«28 наурыз 23:33-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны жайлы хабар келді. Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 29 адамнан тұратын топ жедел түрде барды. Өрт сөндірушілер пәтердің толығымен жалынға оранғанын анықтады. Өрт 00:15-те сөндірілді. 40 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған. Тілсіз жаудың тұтануының алдын ала себебі - төмен калориялы от көзі, сөндірілмеген темекі. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда сөндірілмеген темекіден тұрғын үй кешені өртенді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138753/)