Бүгін Президент «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жоғары деңгейдегі жиында бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан уақытымен бір жарым сағаттан соң үндеу жасайды. Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі онлайн форумды өткізуге БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канада және Ямайканың премьер-министрлері Джастин Трюдо мен Эндрю Холнесс ұйытқы болған. Жиынды БҰҰ-ның веб-сайты арқылы тікелей эфирде көруге болады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев «Халықаралық қарыз архитектурасы және өтімділік» атты жиында бейнеүндеу жасайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138789/)