Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап төлемді есептеудің әдісін өзгертеді. Ranking-тің есептеуінше, биылға дейін халықтың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асқан. Бір жылда 20 пайызға көбейіп отыр. Алғашқы жылы аударылатын айлық төлемді есептеу үшін зейнетақы қорындағы қаражатты 6,5%-ке көбейтіп, шыққан соманы 12-ге бөлу қажет. Индекстеу арқылы одан кейінгі жылдары да 5%-ке көбейіп отырады. Бұрын төленетін жарнаны индекстеу әдісі болған жоқ.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Халықтың зейнетақы төлемдері енді жыл сайын 5%-ке көбейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138808/)