![Коронавирус жұқтырған 364 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/3/30/1617074471698.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 1445 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 243318-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 863 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 218031. Қайтыс болғандар - 3029.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 24 180 адам ем қабылдап жатыр. 364 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 10 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50443 адамға пневмония диагнозы қойылды. 47837 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 684.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 364 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138815/)