Таразда толассыз жауған жаңбыр суы кейбір тұрғын үйлердің аулалаларын басып қалды. Арнайы техникалармен суды сорғызуға көшкен әкімдік өкілдері бұл мәселе арық-атыздарды уақытында тазаламағанның салдарынан болып отыр дейді. Сондай-ақ, шаһардағы каналдардың бойынан заңсыз салынған нысандар да көктемгі қар суының ағып кетуіне кедергі келтіруде. Қазір ұзындығы 82 шақырым болатын 8 каналда тазалау жұмыстары толық аяқталған. Ал су басқан аулаларды құрғату жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда бірнеше тұрғын үйдің ауласын жаңбыр суы басып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138833/)