Қарағанды қаласы «қызыл» аймақта. Ал облыс әзірге «сары» аймақта. Кеншілер шаһарында індет жұқтырғандар саны күрт көбейді. Соңғы тәуліктің өзінде 93 адам індетке шалдықты. Наурыз айында науқастанғандар саны 1 мыңнан асқан. Қалада 17 стационар дайындалған. Бұл- 2 мыңнан астам орын. Олардың 4/1 бөлігінде науқастар ем қабылдап жатыр. Ауру жұқтырғандардың 62 проценті қоғамдық орындарға жиі шығып, санитарлық талаптарды сақтамаған. Мобильді топтар соңғы айда 1600 кәсіпкерлік нысанға тексеріс жүргізіп, 42-нің иесіне айыппұл салған. Кеселдің алдын алу үшін қаладағы көпшілік шоғырланатын 4 мыңнан астам нысанға, қоғамдық көліктерге дезинфекция жүргізілген.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды қаласы «қызыл» аймақта тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/138886/)