Ақтөбе облысы бүгіннен бастап «қызыл» аймаққа енді. Соңғы тәулікте індет жұқтырғандар саны 100-ге жуықтады. 1427 адам үй карантинінде. Облыста шектеу шаралары барынша күшейтілді. Ойын-сауық,спорттық және адамдар көп жиналатын отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйымсалынды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдары жанындағы асханалар мен банкет залдары және мұражай, кітапхана, театрлар да жұмыс істемейді. Қалааралық,облысаралық тұрақты автобустардың қозғалысы да тоқтатылды. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері шектеу талаптарын сақтай отырып, кешкі онға дейін істейді,ал жексенбі күні жабық болады.
Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:Бір тәуліктің ішінде 82 жағдай коронавирус тіркелді. Ауру симптомдары бар 52 жағдай. 40-ы Ақтөбе қаласында, Мәртөкте бір, Алға ауданында 4, Ойылда 4 жағдай. Шалқарда екі жағдай. Хромтау ауданында бір жағдай. Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,6 пайызды құрап отыр.
Жақсыбек Кемал