ОПЕК+ елдері мамыр-маусым айларында мұнай өндірісін тәулігіне 350 мың баррельге дейін көтеруге келісті. Ал шілдеде картель мен оның одақтастары тәулігіне 450 мың бөшке шикізат шығармақ. Мұны Энергетика министрлігі хабарлады.
Осылайша ОПЕК+ мемлекеттері пандемия кезіндегі өндірісті қатаң шектеу режимінен шыға бастағанын байқатып отыр. Бұл шешім инвесторлардың әлем экономикасының болашағына деген сенімін күшейтіп, Brent маркалы мұнайдың бағасын бірден 3 пайыздан артық қымбаттатты. Оның құны бүгін 65 долларға жақындап отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін арттыруға келісті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139003/)