Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасын қабылдады. Алмасадам Сәтқалиев Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы мен қордың жалпы жұмысы туралы баяндады. Сондай-ақ, «жасыл экономиканы» дамытуға арналған жаңа құрылыс нысандары мен қор активтерін жекешелендіру мәселесі жөнінде айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорының стратегиялық дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Ақниет Балтанова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев «Самұрық-Қазынаның» жаңа төрағасына бірқатар тапсырма берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139031/)