Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті. Президентке өңірлердегі қазіргі ахуал жайы баяндалды.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін айтып, су тасқынының алдын алу шаралары мен вакцина салу барысы жайында ақпарат берді.
Ал, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен су тасқынын болдырмауға қатысты қабылданып жатқан шараларды баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев екі облыстың әкіміне эпид ахуалды тұрақтандыруға, көктемгі егіс науқанын жоғары деңгейде атқаруға және тағы да басқа мәселелерге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы екі облыстың әкімімен сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139032/)