Алматы облысы Қорам ауылында мас жүргізуші көлігімен қаққан екінші қыз көз жұмды. Қайғылы жағдайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы растады. Олардың сөзінше, 3-сынып оқушысы кеше кешкі 21.00 шамасында жан тапсырған.
Естеріңізге салайық, қайғылы оқиға 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданында болған. Ащы суға сылқия тойған жүргізуші жол жиегінде кетіп бара жатқан 4 оқушыны көлігімен қағып кетіп, 8-9 жастағы жасөспірімдер жарақат алған. Олардың бірі 14 наурыз күні көз жұмған еді. Ал мас күйінде көлік тізгіндеген 55 жастағы азамат қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалған. Ол 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен екінші қыз көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139079/)