Шымкентте коронавирусқа қарсы дәрі дәрмек қорын жасақтау үшін тұрақтандыру қорынан 659 миллион теңге бөлінетін болды. Бұл вирусқа қарсы препарттардың тапшылығын болдырмауды және бағасын 15-30 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік бермек.
Бүгінде шаһар аумағындағы дәріханаларда вирусқа қарсы қолданылатын 4 миллионнан астам дәрі бар. Сондай-ақ қалада короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге арналған 38 егу пункті мен екпе сақтайтын 320 термоконтейнер дайындалған. Жұқпалы кеселдің адам ағзасында бар- жоқтығын анықтайтын 11 зертхана жұмыс істеп тұр. Олар тәулігіне 6 мыңнан астам тест жасауға қауқарлы. Шаһардағы фармкомпаниялармен арнайы жиын өткізген қала әкімі олардың мәселелерін тыңдап, тиісті шешім қабылдады.
Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Желілік дәріханаларға мемлекет тарапынан айналымға қаражат бөлінді. Ковидпен күресу үшін нақты дәрілерді алып, резервте ұстап отырмыз. Тек рецепт арқылы дәрілерді беру керек.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте коронавирусқа қарсы 4 млн-нан астам дәрі-дәрмек қоры жасақталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139086/)