Америка Құрама Штаттары коронавирустың төртінші толқынына тап болды. Мұны Миннесота университетінің профессоры Майкл Остерхолм мәлімдеп отыр.
АҚШ-та ковидты 31 миллионға жуық адам жұқтырып, 555 миллиондайы қайтыс болды. Өткен тәулікте мұнда қауіпті инфекция 65650 америкалықтан табылып, 863-і жан тәсілім еткен. Әлем бойынша АҚШ коронавирусты жұқтыру мен одан адам жоғалтудан бірінші үштікте тұр.
Дегенмен, өткен аптада пандемия 80-нен астам елде күшейсе, бүгін олардың саны 70-ке дейін азайған. Ал, вакциналау науқанына кіріскен мемлекеттер 153-ге жетіп, жер шарында 650 миллиондай адамға екпе салыныпты.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Америка коронавирустың төртінші толқынына тап болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139087/)