Алматы облысында ірі жол апаты болды. Оқиға Өеген батыр кентінің кіреберісінде болған. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Lexus автокөлігі қарсы бағытқа шығып, төрт бірдей көлікті қаққан. Салдарынан 6 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, Audi жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, Hyundai Accent тізгіншісі ауруханаға жете көз жұмған.
Қазір №4 қалалық ауруханада жол-көлік оқиғасынан түрлі жарақат алған 3 адам жатыр. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған келіншек жүкті болған. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайы зерттелуде, тиісті сараптама тағайындалды.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139088/)