Facebook-ке тіркелген 3 млн-нан аса қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кетті. Бұл республика аумағындағы азаматтарға қатысты дерек қана. Негізі дербес ақпарат одан да көп. Яғни, хакерлер Facebook-тегі 106 елдің 533 млн тіркелушісінің мәліметтер базасын жариялап жіберген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі хабарлады. Осылайша әлеуметтік желіге тіркелгендердің аты-жөні, телефоны, мекенжайы, жұмыс және оқу орны жаһанға жария болған. Мамандар бұның салдары қауіпті деп отыр.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Facebook-ке тіркелген 3 млн қазақстандықтың жеке деректері желіге тарады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139089/)