Қара алтын қайта құлдырай бастады. Бүгін ол бірден төрт долларға арзандады. Қазір бренттің баррелі 63, ал WTI-дің бағасы 60 доллар.
Халықаралық сарапшылар мұнайдың арзандауына сұраныстың азаюы себеп дейді. Оның үстіне өткен апта ОПЕК+ ұйымына мүше елдер керісінше өндірісті арттыруға келіскен еді.
Бүгін теңге долларға шаққанда сәл арзандады. АҚШ ақшасы - 427, Еуро - 501, рубль - 5 теңге 50 тиын.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұнай арзандап, теңге әлсіреп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139123/)