![Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/6/1617680447625.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 19 адам көз жұмды. 1809 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 256837-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1122 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 226378. Қайтыс болғандар - 3129.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 28 333 адам ем қабылдап жатыр. 456 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 7 адам дертке шалдығып, 7 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50839 адамға пневмония диагнозы қойылды. 49127 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 709.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 194706-ға жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 26 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139133/)