![COVID-19: 7 өңір «қызыл» аймақта тұр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/6/1617680972791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің 7 өңірі коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұр. Бүгін Ақмола облысы «қауіпті» аймаққа енді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары тұр. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақта 28 күн, Батыс Қазақстан облыстары 20 күн, Атырау облысы соңғы 2 апта, Ақтөбе мен Алматы облыстары соңғы апта бойы және Ақмола облысы соңғы тәулікте кірді», — деді министр.
Айтуынша, наурызда ақпанмен салыстырғанда індет жұқтыру өсімі 30 пайызға артқан. Тәулігіне 1 800-ге дейін жағдай тіркеліп отыр. Сәуірдің 5 күнінің ішінде 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңнан астам науқас тіркеліп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=COVID-19: 7 өңір «қызыл» аймақта тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139134/)