Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін 26 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктерінің саны 36-ға көбейді. Вакцина егу кабинеттері барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Екпе салатын мамандар арнайы оқытудан өткен. Бүгінге дейін қалада 8 мың 400-дей адамға вакцина салынды. Олардың дені медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдер. Соңғы тәулікте мегаполисте 30 адамның індетке шалдыққаны анықталды. Оның 14-і инфекциялық стационарға жатқызылып, 16-ын дәрігерлер үй бақылауына алды.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте коронавирусқа қарсы вакцина салу пункттері көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139168/)