![Коронавирус жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/7/1617766606004.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 27 адам көз жұмды. 2080 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 258917-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 1711 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 228089. Қайтыс болғандар - 3156.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 28 624 адам ем қабылдап жатыр. 474 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 116 адам дертке шалдығып, 4 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50955 адамға пневмония диагнозы қойылды. 49290 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 713.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 217070-ке жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139197/)