Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның алғашқы күнінен бастап вирусқа қарсы күрестің алғы шебінде жүрген барша дәрігерлерге алғыс айтты. Президент твиттердегі парақшасында:
«Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі–жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін.»-деп жазды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге жанкешті еңбегі үшін алғыс айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139232/)