![Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жаңарды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/4/8/1617853790423.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өткен тәулікте коронавирустан 15 адам көз жұмды. 2586 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 261503-ке жеттi.
Соңғы тәулікте 1449 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 229538. Қайтыс болғандар - 3171.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 29 655 адам ем қабылдап жатыр. 522 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 100 адам дертке шалдығып, 5 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 51055 адамға пневмония диагнозы қойылды. 4947 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 718.
Ал бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 239040-қа жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші жаңарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139258/)