Қарағандыда тұрғын үй құрылысы алаңдарының бірінде жұмысшылар қақтығысып қалды. Олар бір-біріне кірпіш лақтырып, балағат сөздер айтқан. Кикілжің үйдің бетон плитасын қоюға байланысты туындаған. Полиция «бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғады. Кінәлілерді анықтау, тергеу жұмыстары жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда құрылысшылар бір-біріне кірпіш лақтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139267/)