Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың күрделене түсуіне байланысты карантин мерзімі тағы екі аптаға ұзарды әрі шектеу талаптары қатаңдатылды. Жаңа қаулыға сәйкес осы кезге дейін жұмыс істеп келген бильярд, ойын-сауық клубтары секілді көңіл көтеру орындарының жұмысы қайта тоқтатылды. Мекемелерге қызметкерлерінің тең жартысын онлайн режимде жұмыс істеуге көшіру ұсынылды. Сондай-ақ осыған дейін 50 адамның қатысуымен еске алу жиындарын өткізуге берілген рұқсат та күшін жойды. Кинотеатрларға көрермен санын тағы 10 процентке азайту жүктелді.
Алдарқұл Ахметов, Шымкент қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:
Осы 12-нен бастап мешіттердің жұмысы бойынша жұма намазына тыйым салып отырмыз. Және қасиетті Рамадан айындағы тауарих намазы мен ауызашарларға да тыйым салынды.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте карантин тағы екі аптаға ұзарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139270/)