Алматыда белгісіз біреу жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне химиялық сұйықтық шашып жіберген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгісіз біреу жедел жәрдем жүргізушісінің бетіне химиялық сұйықтық шашып жіберген

12.12.2018

Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Белгісіз біреу оның бетіне химиялық сұйықтық шашқан. Соның салдарынан беті мен мойны күйіп қалған жүргізуші тез арада ауруханаға жеткізілді.

Медициналық қызметкерге жедел түрде дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір зардап шеккен ол №4 қалалық клиникалық ауруханада емделіп жатыр. Енді полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Жүргізушінің сөзінше, кеше сағат 20:00 шамасында кезекті шақыртуға барған. Науқастың үйінің маңына келгенде көлігін қоярға орын таппаған 20 жастағы жігіт оған тиісіп, артынша сөзге келген. Үйіне кіріп, қайта шыққан азамат оның бетіне сұйық затты шашып жіберген.

Салтанат Әзірбек, қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі:

- Аталмыш дерек бойынша, Жетісу аудандық Полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 293-бабының нормалары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іске қатысы бар сезікті де айқындалды. Ол 1998 жылы дүниеге келген жергілікті тұрғын болып шықты. Жас азамат. Қазір ол полицияда, түсінік беру үстінде.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу