Атырауда сөйлей алмайтын бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші 4 жылға сотталды. Оқиға 2019 жылы қаладағы №20 «Алтын балық» бөбекжайында болған. Тәрбиешінің баланы ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалған.
Осыған ұқсас жағдай 2 апта бұрын Жаңақаратон елді мекеніндегі «Балдырған« бөбекжайында болды. Ол кезде тәрбиеші 4 жасар қыздың шашынан сүйреген. Қазір 21 жастағы тәрбиешінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші 4 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139321/)