Қостанайда әлеуметтік аз қамтылған топтарға заңсыз мүлік және жер салығы салынған. Бұл заңсыздық қалалық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде әшкереленді. Заң бойынша жетімдер мен ата-қамқорлығынан айрылғандар мүлік салығынан толық босатылады. Ал мүгедектер мен көпбалалы аналарға, жалғызбасты зейнеткерлерге меншігіндегі мүлкінің құны белгілі шектен асқан жағдайда ғана салық салынады. Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары осыны ескермей 300-ге жуық адамды 500 мың теңге көлемінде берешек етіп қойған. Прокурордың пәрменімен бұл азаматтар енді жауапкершіліктен босатылып, мемлекет алдындағы қарызы жойылды.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайда мүгедектер мен зейнеткерлерге заңсыз салық салынған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139325/)