Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызды трассаны су басты. Волошенка-Сергеевка-Тимирязево бағытындағы жолдың 45 метрдей аумағын еріген қар суы алып жатыр. Есіл ауданында да осындай жағдай тіркелді. Горное ауылының жанында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды.
Мұрат Қанғожинов, ТЖД бастығының орынбасары:
Жолдың проблемалық учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген жоқ. Әзірге жақын маңдағы ауылдардағы үйлері су басу қаупі жоқ. Тек жекелеген аулаларды су басу фактілері тіркелді.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=CҚО-да республикалық маңызы бар жолды су басты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139326/)