Ұлттық арна түсірген «Әл-Фараби» телехикаясы Рамазан айы кезінде Араб елдерінде көрсетілмек.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Араб елдерінің көрермендеріне контент ұсынатын «NoorPlay» атты меди-аплатформамен келісімшартқа қол қойды. Оның аясында медиа-платформа «Әл-Фараби», «Орбұлақ шайқасы», «Тар заман», «Кейкі Мерген» сериалдарының көрсетілім құқығын сатып алды. Ал, Ораза басталғанда көрермендерге «Әл-Фараби» туындысын ұсынуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде хикаяның трейлері араб тіліндегі субтитрмен веб-парақшаға жүктеліп, көрермендердің қызығушылығын тудырған. Сондықтан, платформа телехикаяны араб тіліне аударып, дубляж жасауды да көздеп отыр.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әл-Фараби» телехикаясы Рамазан айы кезінде Араб елдерінде көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139359/)