Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Ақжар аулындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан 7 адам зардап шеккен.
Жарылыстың жойқын болғаны соншалық баспананың бір бөлігі опырылып түскен. Шақырту орнына жедел түрде өрт сөндіру бригадасы жіберілді. Әр түрлі жарақатпен 4 ересек адам мен 3 бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, барлығының жағдайы ауыр. Оқиғаға не себептен болғаны белгісіз. Дегенмен, төтенше жағдайлар қызметі үйдің ішінен 5 литрлік құтыда газ конденсаты сақталғанын анықтаған.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жер үйде жарылыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139394/)