Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы Бөрлі ауылында санитарлық бекет қойылды. Ауру жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты сәуірдің 11-і мен 25-і аралығында қатаң карантин жарияланды. Кіреберіс жолда полицейлер ауылға кіріп-шыққандарды тексеріп жатыр. Қалада жұмыс істейтіндер анықтамамен жүруі тиіс. Ал дәрігерлерге қаралғысы немесе дәрі-дәрмек алғысы келетін тұрғындар 109 телефонына хабарласып, өтініш қалдыруы керек. Өңірде індет Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек аудандарында дендеп тұр.
Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:Бүгінгі таңда 1 сәуірден бастап 30 жағдай анықталып отыр. 30-дан астам адам ауырып қалғанның себебінен осы қатаң шара қолдану туралы шешім қабылданған болатын. Бөрлі ауданы да «қызыл» аймақта орналасқан.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-ның Бөрлі ауылына санитарлық бекет қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139420/)