Ертең күллі мұсылман жұрты үшін Қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған орай, Ұлттық арнадан бүгіннен бастап «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасы эфирге шығады. Хабардың алғашқы қонағы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы болды. Сұхбатты сағат 21:30-да көре аласыздар. Ал, ертеңнен бастап күнделікті 17:20-да өтеді. Бағдарламаға дін мамандары қатысып, Оразаны өткізу тәртібіне қатысты көп көкейіндегі сауалдарға жауап береді.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнада бүгіннен бастап «Ораза қабыл болсын!» хабары эфирге шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139440/)