Ақтауда 7 мұғалім мен 3 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Олармен тығыз қарым-қатынаста болған ұстаздар мен оқушыларды қосқанда 100-ден астам адам үй карантиніне жіберілді. Соның салдарынан 2 бірдей мектеп қашықтан оқуға көшірілді. Науқастар 11-шағын аудандағы мамандандырылған IT- лицей мен нөмірі 7-ші мектеп-лицейден тіркелген. Сондай-ақ Маңғыстау ауданындағы Шетпе ауылында мектептің үш қызметкерінен вирус анықталып, оқу тегіс онлайн форматқа ауысты.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда 3 мектеп қашықтан оқуға ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139463/)