Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді. Асқар Маминнің мәліметіне сәйкес, экономиканың нақты секторында дамудың оң қарқыны байқалады. Ал санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қатаң бақылауда. Сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 миллион адамға вакцина салынады. Қыркүйек айында жалпы 10 миллион азаматқа екпе салынып, вакциналау жұмысы аяқталады. Премьер-Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі қажетті мөлшерде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар инвестиция тарту, экономика саласын одан әрі цифрландыру, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мәселелері талқыланды. Президентке 1 сәуірде өткен ОПЕК+ министрлер кездесуінің қорытындылары туралы да мәлімет берілді.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Асқар Мамин Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139475/)