Атырау өңірінде вирус жұқтырып жансақтау бөліміне түскен науқастардың саны 30-ға жетті. Жағдайы нашарлаған 8-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Эпидахуал қалада әлі де күрделі. Өткен тәулікте 93 адам індетке шалдықты. Соның 77-сі облыс орталығынан анықталды. Өңірдегі инфекциялық ауруханаларда 500-ге жуық тұрғын емделіп жатыр.
Ал Батыс аймақ бойынша қайтыс болғандардың көбі Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Жыл басынан бері 89 адам көз жұмды. Олардың 73%-ы - 65 жастан асқан адамдар.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда коронавирус жұқтырған 30 адам жансақтау бөлімінде жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139502/)