Ал Алматыда «Ashyq » жобасының арқасында 121 адамның «қызыл» және «сары» түсті мәртебемен жүргені анықталды. Бұл дегеніңіз - деректер базасында вирус жұқтырған боп тіркелгендер мен науқаспен байланыста болғандар деген сөз. Қазір қалада пилоттық жобаға фитнес, СПА орталықтар, боулинг және компьютер клубтары қатысып жатыр. Соңғы 4 күннің ішінде 121 адамның осы нысандарға кірмек болғаны белгілі болды. Енді бұл азаматтар 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. QR-код арқылы 110 тұрғынның «қызыл» түсті , ал 11 келушінің «сары» түсті мәртебеге ие екендігі анықталған.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «Ashyq» жобасы арқылы «қызыл» және «сары» мәртебесі бар 121 адам анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139512/)