Ақмола облысы Бурабай кентіндегі құрылыс нысанында еңбек қауіпсіздігі сақталмаған. Жергілікті полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Еске сала кетейік, 2 күн бұрын Бурабай аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханаға түрлі жарақатпен 18-47 жас аралығындағы бес жергілікті тұрғын түскені туралы хабарлама келген. Жедел-тергеу тобы зардап шеккендердің барлығы құрылыс нысанында жарақат алғанын анықтады.
Асқар Адамов, Ақмола облысы полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары:
Құрылыс сатысының тірек элементтері берік бекітілмеген. Соның салдарынан жұмысшылар екінші қабат деңгейінен құлаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының 1-тармағы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзуға» байланысты сотқа дейінгі іс қозғалды. Қазіргі уақытта мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жасалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бурабайдағы құрылыс нысанында 5 жұмысшы биіктіктен құлап кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139572/)