Қазақстанда вакцина салдырған адамдар саны жарты миллионнан асты.
Мұндай ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі таратып отыр. Ел бойынша 1 компонентпен 505 мың адам, екінші компонентпен 108 мыңға жуық адам екпе алған. Вакцинаны алматылықтар өте көп салдырған. Мұнда 1 компонентпен екпе алғандардың саны 107 мыңнан асады. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы - 43 500 адам. Тізімде үшінші болып 59 мың адаммен Алматы облысы тұр. Вакцинациялау қарқыны Қызылордада төмен - 14 мыңға енді жуықтаған. Атырауда 11 мың болса, ең аз көрсеткіш Маңғыстауда - 9500 адам егілген.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139581/)