«Рамазан – қайырымдылық айы». Шымкент қаласының дін басқармасы осындай бастама аясында 1 мың отбасыға азық-түлік салынған Рамазан қоржынын таратты. Оның ішіне күнделікті дастархан мәзіріне қажетті ұн, май, күріш, макарон, шай, қан және құрма салынған. Азық-түлік жиынтығы шаһардағы тұрмыс жағдайы нашар, күнкөрісі төмен отбасыларға берілді. Азық-түліктерді ауызашар беруге ниеттенген және қайырымдылық жасағысы келген кәсіпкерлер сатып әперді. Тап осындай шара биылғы Ораза айы біткенге дейін жалғасын таппақ.
Гүлсім Кәрінбаева, көпбалалы ана:
Ораза қабыл болсын. Көп балалы аналар қиналады. Сол адамдарға бергеніне рахмет айтамын. Өзім жалғыз басты анамын. Көмектеріңізге рахмет.
Ахметжан Керімбек, «Абдулхамит Қаттани» мешітінің бас имамы:
Осындай бір игі мақсат бәріне ғибрат болсын. Бұл бір жақсы нәрсе. Себебі қазір карантин дейміз. Санитарлық талаптар. Осындай көңіл құлазыған кезеңде ізгі шаралар өткізу қажет.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 1 мың отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139618/)