3 аптадан астам уақыт «Қызыл» аймақта тұрған Атырау өңірінде ертеңнен бастап карантин тағы да күшейтіледі. Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сай,енді 1-ші және 5-ші сынып аралығында оқитын балалар онлайн режимге көшіріледі. Сондай-ақ, жексенбі күні сауда-ойын-сауық орталықтары мен сұлулық салондарының қызметі доғарылады және қоғамдық көліктер тоқтатылады. Діни орындарда көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Облыста эпидахуал әлі де күрделі. Әсіресе қалада індет өршіп тұр. Өткен тәулікте 117 адамнан коронавирус анықталды. Соның 90-ы шаһар тұрғыны.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда 1-5 сынып оқушылар қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139627/)