Петропавл қаласындағы Былғары зауыты ауданы заңсыз қоқыс полигонына айналды. Сәуір айының басында тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын «Коммунхоз» компаниясы қоқыс контейнерлерін алып тастаған. Енді әр жерде тау-тау болып үйілген қоқыс айналаны ластап жатыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, контейнерлерді алып тастауға тұтынушылардың коммуналдық қызмет ақысын төлемеуі себеп. 2400 тұрғынның мыңы ғана есеп айырысқан.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлдың былғары зауыты ауданы қоқыс полигонына айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/139636/)